Маңғыстау облысында интернет-алаяқтық жағдайлары жиілеп кеткен. Бұл туралы Полиция департаменті бастығының орынбасары Болатбек Ақшауов айтты. Департамент өкілі қылмыскерлер қандай схема бойынша әрекет ететіндігін де мәлім етті.
«Жалған полицей қазіргі кезде ҚР Ұлттық банкімен бірлескен жұмыс жүргізіліп жатқандығын хабарлайды және Ұлттық банк қызметкерімен байланыстыру үшін желіде қалуды сұрайды», – деді Болатбек Ақшауов.
«Есіңізде болсын, полиция қызметкерлері ешқашан телефон арқылы арнайы операциялар мен тергеу әрекеттерін жүргізбейді. Мұндай мақсаттар үшін біз полиция бөлімшесіне келуге шақырамыз. Бұл ретте келетін күн мен уақытты белгілейміз. Сонымен қатар, есіңізде болсын, банк қызметкерлері сіздің картаңыз туралы деректерді ешқашан сұрамайды. Сондай-ақ ұялы телефоныңызға келетін кодтарды беруді талап етпейд»і, – деп атап өтті ол.