Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу органдары алаяқтық әрекет жасаған әскери қызметшілерге қатысты 2 қылмыстық істің өндірісін аяқтады. Олардың жәбірленушілерге келтірген жалпы шығын көлемі 126 млн теңгені құрайды. Бұл туралы Бас әскери прокурата мәлімдеді.
«Алаяқтық» бабымен күдікті болып отырған екінші адам Ұлттық ұланның келісімшарт негізіндегі әскери қызметшісі екен. Ол смартфондарды арзан бағада ұсынып, жәбірленушілерді алдап соққан. Келтірілген шығын - 97 млн. теңгеден астам. Қылмыстық іс материалдармен тараптардың танысу сатысында және жақын арада әскери сотқа жіберіледі.