Алексей Цой: ПТР тест 8 900 теңгеге дейін арзандауы тиіс

14 қазан, 15:55

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ПТР тест арзандағаннан кейін қандай сомада болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ПТР тест құнын 22 пайызға арзандату тұрғысында оның нақты сомасы қанша болатындығы жайында сұралды.
«Қазіргі кезде болжамды түрде 11 мың теңгеден 8 900-ге дейін төмендеуі тиіс. Бұл бағытта тиісті есеп-қисап жүргізілуде. Қажетті қадамдарды саладағы қауымдастықтармен, «Атамекен» ҰКП-пен пысықтап жатырмыз», - деді Алексей Цой.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанда ПТР тестілеу ақысы 22 пайызға арзандайды.