Алматыда 25-қабаттан қыз құлап кетті

17 тамыз, 10:59

Алматыда жас қыз белгісіз жағдайда 25-қабаттан құлап, мерт болды. Оқиға 16 тамыз күні кешкі уақытта орын алған.

ІІМ мәліметінше, кешкі уақытта «102» пультіне Розыбакиев көшесіндегі тұрғын үй кешенінің бірінің 25-қабатында орналасқан балконнан әйел адамның құлап кеткені туралы хабарлама келіп түсті.

Полицейлер марқұмның жеке басы анықтаған. Бостандық аудандық полиция басқармасында ҚР ҚК-нің 105-бабы (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.