Алматы қаласындағы балабақша тәрбиеленушілерін тәрбиешісі ұрғаны туралы видео желіге тарап кеткен болатын. Видеода тәрбиеші 3-4 жас шамасындағы баланы жатын бөлмеден сүйреп шығып екінші бөлмеге апарып ұрғаны түсіп қалған. Артынан екінші баланы да ұрып жатқаны көрінеді. Видео сыртында ата-аналар мен кешірім сұрап тұрған әйелдің даусы естіледі.
Осыған
орай қалалық ПД видеоны зерттеп,
нәтижесінде №37 балабақшаның тәрбиешісі
қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
Қалалық
Полиция департаментінің мәліметінше,
тергеу жұмыстарымен Алатау аудандық
полиция басқармасы айналысып жатыр.
«Бұл
дерек ҚР ҚК 140 бабының 2-бөлімімен сотқа
дейінгі бірыңғай тергеу реестріне
тіркелді. 35 жастағы тәрбиеші қылмыстық
жауапкершілікке тартылды. Жақын арада
іс материалдары сотқа жолданады», - деді
қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Айта
кетейік, полицияға өткен түні баланың
анасы арызданған. Видео желілерге
2-сәуір күні жарияланды.