Балалар үйіндегі 12 жасар тәрбиеленуші қыз Анна Водолазова Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен жасөспірімдер арасында джиу-джитсу бойынша әлем біріншілігінде алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Алматыдағы № 1 балалар үйінің директоры Гульмира Кондыбаева және жаттықтырушыcы Альберт Алдияров Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында айтқан деп хабарлайды Elitar.kz.
Анна Водолазова джиу-джитсумен аптасына жеті күн айналысады, сонымен қатар ол биге де барады.
"Аня
балалар үйінде бесінші жыл тұрып жатыр.
Ол тұл жетім. Алматыда № 70 мектепте
оқиды, үлгерімі жақсы. Біз оның БАӘ-дегі
әлем чемпионатында жеңіске жеткеніне
өте қуаныштымыз. Аня джиу-джитсумен бір
жыл айналысқанына қарамастан жүлделі
орындарға ие болды. Барлығы Samurai академиясы
мен бапкер Альберт Алдияровтың арқасында",
- деді Гүлмира Қондыбаева.
Жарыстарға
бару қаражатты талап етеді. Бұл жолы
жаттықтырушыға достары мен жанашырлары
қажетті сома 15 мың долларды жинап берген.
Жаттықтырушы
джиу-джитсу ең алдымен өз-өзіңмен
күресіп, қиындықтарды жеңе білу дағдысын
қалыптастырады деп санайды.
"Күрес
оларды қалыптастырады, алдарына дұрыс
мақсат қояды. Кілемде де, өмірде де
қиындықтарды дұрыс шешуге үйретеді.
Олар жарақат алдында мұңаймайды. Сапардың
мақсаты медальдан бұрын, оларға әлемді
көрсету болды", - деді сенсей.