Бұл туралы Алматы қалалық білім басқармасының бастығы Гүлнәр Қожабергенова білім беру қызметкерлеріне арналған форумда айтты, деп хабарлайды elitar.kz.
«Жаңа оқу жылында «Электронды балабақша» жүйесін енгізу жоспарлануда. Ол білім беру мекемесіндегі ас мәзірі, сабаққа қатысу, балалардың даму деңгейін бақылау және мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысындағы ашықтық сияқты жұмыстарды онлайн режимінде бақылауға мүмкіндік береді», - деді Алматы қалалық білім басқармасының бастығы Гүлнәр Қожабергенова.