Алматыда көшеде өнер көрсетіп, көптің көңілін көтеріп жүрген скрипкашы жігіт небәрі екі минутта 100 доллар табыс тапты. Оның видеосын өнер иесі ТікТок парақшасына жүктеген.
«Тамаша, нағыз талант», «Керемет, тыңдай бергің келеді», «Сәттілік, жарайсың», «Сөзім жоқ, өте әсерлі», «Міне, нағыз өнер иесі. Супер», «Скрипканы жақсы меңгерген жігіт екен. Тіпті денем тітіркеніп кетті ғой», «Бұл деген шедевр ғой. Жарайсың» деп жазды желі қолданушылары.