Алматыдағы мешіттердің бірінде жас жігіт ер кісінің ілулі тұрған сырт киімінің қалтасынан ұялы телефонды ұрлап кеттті, деп хабарлайды Elitar.kz.
Қалалық полиция департаментіндегілердің мәліметінше, намаз оқып шыққан азамат қалтасына қолын салғанда телефонынынң жоқ екенін байқап, бірден полицияға хабарласқан. Оқиға орнына шұғыл жеткен полицейлер ұрыны көп ұзамай ұстады. 30 жастағы азамат күдікке ілініп, оынң қалтасын қарау барысында ұрланған теелфон тәркіленіп алынды. Қазіргі таңда бұл жағдай бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Айта кетерлігі, күдікті бұған дейін де "Өзгенің мүлкін ұрлау" бабы бойынша бірнеше рет сотты болған.