Алматыда қоғамдық автобустардың соқтығысуынан бір адам көз жұмды. Оқиға бүгін Төлеби және Абай көшелерінің қиылысында болған.
«Бір адам қаза тауып, алдын ала мәлімет бойынша 15 адам жарақат алған. Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сараптамалар тағайындалды» делінген ведомство мәліметінде.