Алматыда рейдерлік тәркілеумен айналысқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды

21 шілде, 17:24

Қаржылық мониторинг агенттігі Алматыда рейдерлік тәркілеумен айналысқан қылмыстық топтын жолын кесті. Ведомства мәліметінше, күдіктілер қылмыстық іс-әрекет эпизодтарының бірі бойынша ұсталған. Қазіргі таңда уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олар:

- Танашев Тимур Сержанұлы, 1983 жылы туған;
- Бабаев Рауан Тимурұлы, 1992 жылы туған;
- Алтыбасаров Аңсар Мұратұлы, 1990 жылы туған;
- Абижанов Дастан Мәдиұлы, 1977 жылы туған.

15 шілдеде аталған күдіктілерге қатысты Алматы қалалық мамандандырылған тергеу соты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкцияланды.