Алматы қаласындағы перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында үшем дүниеге келді. Сәбилердің үшеуі де ұл бала. Салмақтары - 1990, 1940 және 2200 гр.
"Ұлдар жүктіліктің 34 аптасында дүниеге келді. Балалар әрқайсысы өздерінің мембраналарында шығарылды. Тек жатыр қуысынан шығарылғаннан кейін мембраналар ашылып, бала дүниеге келді. Шала туылған нәрестелерді шығарудың бұл әдісі әртүрлі мүшелерде қан кетумен байланысты көптеген асқынулардың алдын алады. Яғни, бұл жаңа әдіс балалардың денсаулығына байланысты түрлі қауіптерді болдырмауға мүмкіндік береді. Операция бір сағаттан астам уақытқа созылды және сәтті өтті. Қазір анасының жағдайы жақсы", - дейді Сәуле Шайкенқызы.