Алматыда жұртшылық арасында «барахолка» деп аталып кеткен базарда алтын және күміс әшекей бұйымдары ұрланған. Оқиға 12 тамызға қараған түні болған. Жалпы келтірілген шығын – 100 млн теңге.
«ҚР ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігі бойынша тергеліп жатқан қылмыстық іс материалдарына сәйкес, қаскөй «алтын қатар» деп аталатын жерге түнде кіріп кеткен. Ол сегіз сауда орнының сөрелерін сындырып, өзімен бірге 100 миллион теңгенің әшекей бұйымдарын алып кеткен. Бұл қылмысты ашу мақсатында тергеу-жедел тобы құрылды. Базардағы бейнебақылау жүйелеріне талдау жасалды. Күдіктінің жеке басы бірден анықталды. Ол Қонаев қаласындағы қонақүйлердің бірінде ұсталды. Күдікті сол жерде уақытты өткізуді жоспарлаған көрінеді», - деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Дархан Мұсанов.