Англиялық әйел 20 жастан кейін қартаймаған

15 мамыр, 15:00

Ағылшындық әйел 20 жасқа толған сәттен бастап қартаймағанына сенімді. Қазір 41 жаста, ол шынымен де жас көрінеді, деп хабарлайды Тоталға сілтеме жасай отырып Elitar.kz.

Жастықтың басты құпиясы - темекі шегуден, алкогольден бас тарту және дұрыс тамақтану.

Англиядағы Болтон қаласының тұрғыны Шимми Унши өз өмірі туралы әңгімелеп берді.

"Менің жастығымның басты құпиясы темекі шегу мен ішімдіктен бас тартуымда. Мен дұрыс тамақтанып, үнемі спортзалға барамын. Әрдайым өз құрдастарымнан жас көріндім, жас айырмашылығым жылдар өте қатты аңғарылады. Өйткені мен расында қартаймаймын", - деді Шимми.

Тіпті мектепте ата-аналар жиналыстарында ұлына ұстаздары жиі анасын шақыруды айтады екен. Себебі оны әпкесі деп ойлап, үлкен болса да сөйлескілері келмейтін көрінеді.