Қарағандыда 3 жасар баланы ұрлап әкетіп, кейін өлтірген күдікті ұсталды

09 қыркүйек, 12:00

Күдікті 9 қыркүйекке қараған түнде Қарағанды вокзалы маңында қолға түсті.

Ер кісі бүлдіршінді ұрлап кетіп, кейін өлтіргенін мойындады. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынды. Бұл оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы («Адам өлтіру»), 2-бөлігімен іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Қарағанды облысындағы Шет ауданының полиция бөліміне Бұрма ауылының тұрғыны шағым түсірген. 22 жастағы келіншектің айтуынша, танысы ауылдағы дүкен алдында кішкентай баласын күштеп тартып алып кеткен. Кейін белгілі болғаны, ер кісі келіншекке көңілдес болуға ұсыныс тастаған, алайда ол келіспеген соң өшігіп, баласын ұрлап кеткен.

Бүлдіршіннің денесі үш күннен соң табылды. Қазіргі таңда сот-медициналық сараптама жүріп жатыр.