Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті қаржы пирамидасын құру және пайдалану фактілерінің жолын кесті.
Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, тергеу барысында әртүрлі абоненттік нөмірлермен тіркелген WhatsApp мессенджер қосымшасын пайдалану арқылы 5 жоба атауының негізі қаланғаны анықталған.
Қылмыстық схема бойынша ұйымдастырушы 3 мыңнан 10 мың теңге көлеміндегі заңсыз инвестицияны тартқан. Жобаға қатысушыларға 10 тәулікке дейінгі аралықта салған қаражатынан 300% және 500% төлеуді уәде еткен.
«Тергеу анықтаған белгілер қаржы пирамидасының негізгі белгілеріне жатады. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде» делінген мәліметте.