Екінші сынып оқушысын өлтірген деген күдікпен ер адам тұтқындалғаннан кейін, қыздың өліміне қатысты кейбір деректер ашыла бастады. Бұл туралы KTK-ға сілтеме жасай отырып Elitar.kz хабарлайды.
Бейнекамераға оқушы қыздың көршісінің велосипедіне отырып жатқан кезі түсіп қалған.
"Видеодан мен өзім көрдім, ол
велосипедпен жүрді, артында қызым отыр.
Ал 45 минуттан кейін ол өз велосипедінде
қаппен бір нәрсе алып кетті",-дейді
әкесі мұхит Қаражігітов.
Ал күдіктіңнің туыстары
қыздың көшеде жылап тұрғанын көріп,
көршісі велосипедіне отырғызып алған.
Оқушы адасып қалғанын айтқан. Бірақ ер
адам оны өз үйіне алып барған. Қыз құлап
қалып, көз жұмған. Ал ер адам қорқып,
қызың денесін жасырмаққа оқталған
дейді.
37 жастағы ер адам
өлтірілген қыздың үйіндегі шаштаразға
барып шаш алдырып жүрген екен. Қылмыскердің
жұбайы оның 10 жылдан бері тіркеуде
екенін, жүйке жүйесі ауыратынын айтқан.
Десе де өлім құшқан
жеткіншектің ата-анасы қылмыскердің
ауыратынына сенбейді. Соттың қоғам үшін
ашық өткенін, қылмыскердің әділ
жазаланғанын қалайды.
Естеріңізге сала кетейік, 24 сәуір күні Қаратау тұрғыны 2010 жылы туылған кәмелетке толмаған қызының жоғалғаны туралы мәлімдеген болатын. Бала сабақтан кейін үйге оралмаған. Іздестіру барысында қала шетінен жанып кеткен дене табылды. Қалған киімнің фрагменттері бойынша анасы жоғалып кеткен қызы Аруайды таныды. Жұма күні сараптама жүргізілгеннен кейін баланың мәйітін ата-анасына жерлеу үшін тапсырды.