"Арсенал" клубының бас бапкері коронавирус жұқтырды

13 наурыз, 10:10

Лондондық «Арсенал» футбол клубының бас жаттықтырушысы Микель Артетадан коронавирус дерті анықталды. BBC хабарлауынша, салдарынан клубтың жаттығу орталығы жабылып, Англия чемпионатында "Арсеналдың" кездесулері өтпейтін болды. Ал бас бапкермен байланыста болған клуб мүшелері мен команданың негізгі құрамы екі аптаға карантинге жатқызылды.

37 жастағы бас жаттықтырушы әзірге коронавирусты қалай және кімнен жұқтырғанын білмейді. Өзін нашар сезіне сала бірден тексеруден өткен.