Журналистерді сенсация қуушы деп айыптап жатады. Бұл жолы Арыс қаласындағы жарылыстар туралы естігенде бәрін тастай салып, сол жерге жеткенше асыққан, десе де ең алдымен интервью немесе әсерлі кадрлар үшін емес, халық үшін қам жегендер туралы жазғым келеді.
Әйгерім Бегімбет арыстықтарға қалай көмектескені туралы кеуде қағып айтқысы да келмейді. Бұл нәзік қыз – ауыл тұрғындарының өмірінен жасалған фотосюжеттер сериасының авторы.
"Арыс қаласында не болғанын білгенде, тыныш отыра алмадым. Менде машина бар. Ғалымжан аға Оразымбетпен бірге біз жарылыстар күні Арыс қаласына бардық.
Жеткен кезде қала жабық еді.
Біз су алып, мектептерге бардық. Адамдарды
тасыдық. Ал қалаға келген кезде қарияларға
немерелерін табуға көмектестік.
Сол
күні Бэлла Орынбетова Фэйсбукте «Арыс.
Ақпарат» парақшасын ашты.
Бізді
WhatsApp-волонтерлер тобы қосты. Бір апта
бойы біз Арыс қаласына және Шымкенттегі
эвакопунктке азық-түлік пен киім-кешек
тасыдық.
Содан кейін картама ақша
аудара бастады. "Алматы кітап",
"Арман ПВ", "EDUSTREAM" баспа үйлері
624 200 теңге аударды. Бұл қаражатты біз 7
отбасы арасында бөлдік. Айтпақшы, бұл
үш баспахана қаражаттан басқа Павлодарға
лагерьге баратын 10 мұғалім мен 130 оқушы
үшін спорттық форма сатып алды.
Тағы
да аударымдар болды - 177 100 теңге №76
мектеп-лицей ұжымы, "Наша газета"
(Қостанай) ұжымы – 37 000 теңге аударды. Алматы,
Нұр-Сұлтан және Қазақстанның басқа да
қалаларынан мені жақсы білетін журналистер
135 000 теңге аударды. Біз оларға фото және видео есеп жібердік.
Жалпы
менің картама бір миллионға жуық теңге
түсті. Басқа еріктілердің шоттарына
көп қаражат түсті. Оларға ең қажетті
заттарды сатып алып, зардап шеккендерге
жеткізіп бердік", - деді Әйгерім
Бегімбет.
Әйгерімнің Арыста туыстары
тұрады. Жарылыс болған күні олар
еріктілер барғанға дейін қаладан
асығыс кетіп қалған. Әйгерімнің айтуынша,
олардың үйлерінде зардап шеккендер
жоқ және ол әлі күнге дейін туыстарымен
жолықпаған: "Өйткені оларда барлығы
жақсы, бәрі тірі, дені сау, аса уайымдамайсың
және олар ерекше көмекке мұқтаж емес
екенін білесің. Оның үстіне, қала жабық
болған кезде Шымкент пен Шұбарсудағы
туысқандарында тұрған. Осылайша оларды
барып көруге мүмкіндік болмады".
Өзінің
досы Ғалымжан Оразымбетпен және фотограф
Шыңғыс Әбдіразақпен бірге олар бір апта
бойы волонтерлермен бірге жұмыс істеді.
"Бір оқиға есімде қалды...
Шыңғыс Автонұр базарынан көтерме
саудагерді тауып, 30 жұп аяқ киім сатып
алдық. Ал ол не үшін сатып алғанымызды
білгенде, тағы 35 жұп тегін берді. Және
базарға келген сайын, ол бір пакет жинап,
бұл менен көмек деп бізге ұсынатын".
Әйгерім
ерекше ештеңе жасамағанын айтты: "Мен
айтарлықтай көмек көрсетпедім. Тек
ары-бері тасымал жасадым. Шын мәнінде
бізде тамаша адамдар мен тамаша еріктілер
бар. Міне, оларға бас июге болады".
Жансая
Тәуекелқызы Арыста көзге көп көрінгені
соншалық, кей шенеуніктер үйіне қайтатын
уақыты болғанын айтып, ымдай бастапты.
Ол
жарылыстар туралы дүйсенбі күні жұмыста
отырғанда білді. Бірден Арыс қаласынан
ата-анасын алып келуге кетті. Ал келген
соң Арыста не болып жатқаны туралы
материал жазуға кірісті.
Whats App мессенджерінде оны әлдекімдер "Арыска
Көмек" еріктілер тобына қосады.
Жансаяның айтуынша, ол топта қай эвакопунктке
қандай көмек қажет екендігі туралы
әртүрлі ақпараттар келіп түсе
бастаған.
"Есімде, Шардарадағы эвакуациялық пунктегілерге таңғы сағат 4:30-да хабарластық. Ондағы балалардың
фотосуреттерін жинап, есімдерін жаздық.
Балалардың тізімін қағазға шығарып,
оны Шымкенттегі эвакуациялық
пунктерге іліп шықтық. Мысалы, "Лидер"
балабақшасының балалары Шардарадағы
"Балдәурен" балабақшасына
(қателеспесем) орналастырылды. Біз бұл
тізімдерді ата-аналар алаңдамаулары
үшін жасадық.
Содан кейін су, гигиена заттары, балалар
тағамы, памперстер қай пунктке қажет екенін анықтап,
олардың бәрін таң атқанша тасыдық".
Ал
кейін ол бірнеше рет Арыс қаласына
барды және қазіргі таңда да сол жақта. Эвакопунктерге аттанып, не қажет
екенін біліп, басқа еріктілермен бірге
жеткізіп беріп отырды.
"Еріктілер
тобы әлі күнге дейін бар. Және біз
адамдарға қандай көмек керегін анықтаймыз,
егер бізге қажеттілік болса, дереу іске
кірісеміз. Менің ойымша, Арыс қаласында
болған жағдай тек біздің өңір тұрғындарын
ғана емес, барлық елді біріктірді, себебі
көмек бүкіл Қазақстан бойынша
ұйымдастырылып жатты. Қазір үйлерді
еліміздің барлық аймақтары қалпына
келтіруде",-дейді Жансая.