Арыстық тұрғын, кәмелет жасына толмаған жоғалған қызын тапқан учаскелік полицейге алғыс айтты, деп хабарлайды ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Elitar.kz.
Түркістан облысы, Арыс қаласының жергілікті тұрғыны тамыз айының ортасында 14 жасар қызының үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмағандығын айтып, Арыс АПБ-не арызданады. Арыз түскен сәттен бастап, бірден бағыт алған полицейлер іздестіру шараларын жоғары деңгейде жүзеге асырады. Бірнеше мобильдік топтарды құрып, ауыл аймақты тінтіп шығады. Куәгерлердің айтуы бойынша, жоғалған қыз жақын маңдағы ауданға қарай кетіп бара жатқан таксиге мінген. Одан басқа бірде-бір ілік жоқ. Осылайша бағыт алған полицейлер жақын жердегі Темірлан ауданын түгел тінтіп шығады.
Нәтижесінде кәмелет жасына толмаған қыз анасының танысының үйінен табылады. Полицейлер бірден ата-анасына хабарласып, қызды аман-есен үйіне жеткізеді.
Бүгінгі таңда қыздың денсаулығына төніп тұрған қауіп жоқ. Қызбен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі таңда тәртіп сақшылары жасөспірім қыздың қалайша үйінен ізім ғайым жоғалып кеткені бойынша толық мән-жайды білу үшін тексеру амалдарын жүргізуде