Қасым-Жомарт Тоқаевтың орнына дебатқа үміткердің республикалық қоғамдық штабтың жетекшісі Мәулен Әшімбаев шығады, деп хабарлайды жергілікті басылымдар "Нұр Отан"партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына және халықаралық деңгейдегі басқа да ілеспе іс-шараларға қатысады. Сондықтан Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасы бойынша оның атынан дебатқа кандидаттың сенімді өкілі, Республикалық қоғамдық штабтың жетекшісі Мәулен Әшімбаев қатысады", - деп жазды партияның баспасөз қызметінің хабарламасына сілтеме жасаған zakon.kz.
"Нұр Отан"
партиясы атынан Қазақстан президенттігіне
кандидат, еліміздің қазіргі президенті
Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауалды
теледебаттарға қатыспайды деп мәлімдеген
болатын президенттің кеңесшісі Ерлан
Қарин.
Теледебаттар бүгін, 29 мамырда
сағат 18-де басталады және "Хабар"телеарнасының
эфирінде көрсетіледі. Олардың ұзақтығы
80 минутты құрайды, олар үш раундта өтеді.
Ресми мәліметтер бойынша, теледебаттарға
бюджеттен 41 миллион теңге (107 мың доллар
шамасында) бөлінді.