"Соңғы күндері тарих пәнінің мұғалімі Ә.Ахетованың видео сұхбаты әлеуметтік желіде кеңінен таралып жатыр. Аталған ролик барысында көтерілген мәселелер қоғам тарапынан қызу талқылануда. Дәл қазір бұл материалдың мазмұнына қатысты ешқандай баға бермеймін.
Ең бастысы, кез келген мұғалім мен ата-ана өз пікірін ашық білдіруге құқылы екенін түсіну - маңызды, ал біздің міндетіміз - осы ұсыныстар мен ескертулерді назарға алу. Осыған орай, Мемлекет басшысы барлық ұсыныстарды жұмыс барысында пайдалану үшін оларды мұқият зерделеуге тапсырма берді. Осы бағыттағы жұмысымызды жалғастырамыз" деп жазды ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзінің Facebook парақшасында.
Бас педагог өз жабасында көтерілген мәселеге қатысты әріптестерімен сенбі күні кездесіп, талқылайтынын да атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, CBS телеарнасына берген сұхбатында Көкшетау қаласының тарих мұғалімі Әлия Ахетова білім берудің жаңартылған жүйесін, мұғалімнің мәртебесі туралы заңды, жалақы деңгейін және мұғалімдердің барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етілгендігі туралы мәлімдемені қатаң сынға алды.