Астанада тірідей өртеніп кеткен бес қызды ақтық сапарға шығарып салды

05 ақпан, 12:30

​Астанада өрттен қаза болған бір үйдің 5 қызын халық ақтық сапарға шығарып салды. Жаназаға бірнеше жүздеген адам жииналды, деп хабарлайды Elitar.kz.

Еске алсақ, төтенше жағдай 4 ақпан күні түнде Астана қаласы, Сарыарқа ауданындағы «Көктал-1» тұрғын үй алабында орын алған. Жеке үйдің ауласынан өрт шығып, оны сөндіру барысында 2006, 2008, 2014, 2016, 2018 жылғы 5 қыз баланың денесі табылды. Олардың кішісі небәрі 11 айлық сәби еді. Өрт кезінде бес баланың ата-анасы түнгі жұмыста болған.

ФОТО: Today.kz