Ақтауда көпқабатты тұрғын үйдің 11-қабатынан жұмбақ жағдайда секіріп кеткен жігіт мерт болды. Оның не үшін мұндай қадамға барғаны әзірге белгісіз.
«Оқиға орнына учаскелік инспекторлар, патрульдік полиция жасақтары, сондай-ақ жедел тергеу тобы барды. Сот-медициналық сараптама тағайындалып, тергеу жұмыстары жүріп жатыр» делінген Маңғыстау облыстық Полиция департаменті берген ақпаратта.