Ақтөбе: “Хово” жүк көлігі екі автобусты түйіп, 88 жолаушы зардап шекті

03 маусым, 10:52

Жол апаты кеше кешқұрым қаланың іргесіндегі Жаңақоныс ауылы маңында болған. Полицияның хабарлауынша, “Хово” жүргізушісі көлік тежегішін басып үлгермей, аялдамада тұрған № 21 автобусқа түйіскен. Қатты соққыдан бұл автобус қасындағы №45 автобусқа ұрылған. Апат салдарынан жолаушылар көлігінде болған тұрғындар түрлі жарақатпен облыстық жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді.