Ақтөбе: көлік өзенге түсіп, жүргізуші қайтыс болды

07 маусым, 16:33

Полицияның дерегі бойынша, "ЗАЗ-Шанс" автокөлігінің 55 жастағы жүргізушісі 6-маусым күні таң ата жолға шығып, бұрылыстардың бірінде рөлге ие бола алмай, аударылып, Қарақобда өзеніне түсіп кеткен. Ер адам сол жерде қаза болды. Жол апатының мән-жайы анықталып жатыр.