Ақтөбе облысы: Мас жүргізуші “Stop” жол белгісін қиратқаны үшін 4 жылға сотталуы мүмкін

26 мамыр, 16:37

Жол апаты Қандығаш қаласында тіркелген. «ВАЗ-2110» көлігінің 22 жастағы жүргізушісі спорт мектебі жанындағы “Тоқта!” жол белгісін түйіп өткен.

Полицияның ақпараты бойынша, рөлдегі жігіт мас болған және бұған дейін жүргізуші куәлігінен айырылған. Дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 346-бабы, 2 бөлімі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Жігіт қамауға алынды. Ол өмір бойы көлік жүргізу құқығынан айырылып, 4 жылдан 6 жылға дейін сотталуы мүмкін.