Ақтөбе облысы: жолдар жабылды. Боран соғып тұр.

30 наурыз, 12:30

Күн райының нашарлауына байланысты “Самара-Шымкент” тас жолының Ақтөбеден Қарабұтақ ауылына дейінгі бөлігі, "Ақтөбе-Орск" тас жолының Ш. Қалдаяқов ауылынан Ресей шекарасына дейінгі бөлігі жабылды.

Полиция департаменті көлік жүргізушілерінен жол қозғалысы ережелерін сақтауды, жолда мұқият болуды және алыс сапарларға шықпауды сұрайды.