Ақтөбе: үш тұрғын қабан атқаны үшін сотталды

25 сәуір, 17:38

Сот материалы бойынша, үш аңшы былтыр желтоқсан айында Хромтау ауданында аңға шыққан. Үшеудің біреуінде ғана бір қабан атуға рұқсат құжаты болған. Соған қарамастан, олар алты бас қабанды өлтірген. Сөйтіп, табиғатқа 4 млн теңге шығын келтірген.

Аңшылар Ақтөбеге қайтар жолда қолға түсті. Сот шешімімен, екі тұрғын екі жыл қоныс колониясында жаза өтейді. Тағы біреуі екі жылға шартты түрде сотталды. Сондай-ақ үшеуіне 7 жыл аң атуға тыйым салынды.