Сұмдық оқиға туралы өзінің facebook парақшасында Ақтөбедегі Алматы ауданының прокуроры Жасұлан Дәулембаев хабарлады. Оның айтуынша, түрмеден босап шыққан ер адам отбасының басқа мүшелері үйде болмаған кезде 13 жастағы қызына азғындық әрекеттер жасаған.
« Алматы ауданының прокуратурасы балаға азғындық көрсеткен күдіктіге қатысты қылмыстық істі зерделеу нәтижесі бойынша айыптау актісін сотқа жолдады. Сот мемлекеттік айыптаушының пікірімен келісіп, ер адамды кінәлі деп таныды және оған 12 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», делінген прокурордың жазбасында.