Ақтөбеде ұялы телефонды қойдың құйрық майына жасырып, түрмеге өткізбек болған әйел ұсталды.
Тергеу изоляторының күзет қызметкерлері әдеттегідей қамауда отырғандарға арналған сәлемдемелерді тексерген. Қойдың қызыл бұрыш қосып, тұздаған құйрық майын кескен кезде ішінен ас пленкасына оралған шағын ұялы телефон мен 2 сим-карта шыққан.
Қылмыстық атқару жүйесі департаментінен хабарланғандай, 34 жастағы әйел телефонды «Қарақшылық» бабымен сотталған інісіне бермек болғанын айтып, кінәсін мойындаған. Түрмеге тиым салынған затты жасырып әкелгені үшін оның үстінен әкімшілік хаттама толтырылды.