Ақтөбе: екі ауылдың арасына жаяу шыққан адам үсіп қала жаздады.

17 наурыз, 13:27

69 жастағы кісі кешкісін боранға қарамай Бекқұл баба ауылынан 9 шақырым жердегі Белогорка елді мекеніндегі үйіне жаяу тартқан. Құтқарушылар оны бір жарым сағаттан соң тауып алды. Беті-қолын үсік шалған тұрғын қазір ауруханада ем алып жатыр.