Жылыжай мен заманауи техникамен жабдықталған ескірткі зертханасын қала маңындағы саяжайлардың бірінде 48 жастағы тұрғын ашқан. Жайқалып өскеніне қарағанда өсімдіктің күтімі жақсы болған. Ал, саяжай иесі оны өсірудің қыр-сырын терең меңгерсе керек. Ол полицияға шөпті өзім үшін өсірдім деп түсінік берген. Тұқым мен қажетті техниканы интернет дүкендерден сатып алғанын айтқан. Жылыжайдан бөлек, зертханада қарасораны өңдейтін арнайы бөлме бар.