06 ақпан, 12:30
Өзбекстан азаматы ақтөбелік 12 жастағы жасөспірімді зорлағаны үшін сотты болды, деп xабарлайды Elitar.kz.
Ақтөбе облыстық ауданаралық мамандандырылған қылмыстық істер сотында 12 жасар қызды зорлауға қатысты іс аяқталды. Сотталушы – Өзбекстанның 40 жастағы тұрғыны.
Белгілі болғаны, сотталушы осыдан бірнеше жыл бұрын отбасымен Ақтөбеге жұмыс іздеуге келеді. Кейінірек әйелі мен балалары еліне қайтып, ал өзі 12 жасар қызы бар жергілікті әйелмен кездесе бастайды.
40 жастағы кісі азаматтық әйелінің қызын бірнеше рет зорлаған. Зәбір көрген қыз бұл туралы әжесіне айтып бергенде ол дереу полицияға хабар берген.
Жәбірленушінің айтуынша, ер кісі оны барлығы ұйықтап жатқанда, түнде зорлаған.
Сот шешімімен айыпталушы 15 жылға қатаң режимдегі түрмеге қамалды. Дегенмен, ол өз кінәсін мойындамай, үкімге шағым түсіремін деп отыр. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Автор:
Elitar.kz