Ақтөбеде 27 жастағы ер адам 24-қабаттан құлап, қайтыс болды

18 ақпан, 10:49

Оқиға бүгін түстен кейін қаладағы "Ақтөбе Ажары" тұрғын үй кешенінің бірінде тіркелген.

Видео авторы жерде жатқан адам тірі сияқты дегенімен, аймақтық полиция департаменті оқиға орнында 27 жастағы ер адамның мәйіті табылғанын хабарлады. Полиция оқиғаны суицид деп атап, оның себептерін анықтауға кірісті. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.