Ақтөбеде 5 жасар қыздың анасы қарияны педофилге теңеп шу шығарды

04 маусым, 11:24

Педофил деген күдікпен зейнеткерді Ақтөбе тұрғындары ұстады. Ер адам 5 жасар қызға тәтті беріп, өзіне жақын тартпақ болған, деп хабарлайды "Мой город" порталына сілтеме жасай отырып Elitar.kz.

Қала тұрғындарының айтуынша, зейнеткер кәмпитпен бес жасар қызды алдап, өзіне тартып, сипап, арам ойын ашық түрде іске асыра бастаған.

- Куәгерлердің айтуынша, ер адам баланы аркада, біздің аулада ұстап алған. Және ол қызды сипаған. Ол осында тұрады дейді, бірақ мен оны бұрын байқамадым. Мұны алдымен екі әйел көрді, содан кейін оны ұстау үшін лифтшіні көмекке шақырды, - дейді Нұрсити шағын ауданының тұрғыны Ақтота Боташева.

Ал бейнекадрда ақсақал «менің де қызым бар, бұл ойдан құрап алынған жала» деп ақталуда.

Сондай-ақ, бейнекадрларда белгісіз ер адам қарияға дауыс көтеріп, қол жұмсағаны анық көрінеді.

Аталған орынға полиция келген. Қазір тергеушілер тексеру жүргізіп жатыр. Күдікті сол ауданның тұрғыны, ол полиция бөліміне жеткізілді.

- 1945 жылы туылған азамат, Ақтөбе қаласының тұрғыны. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 124 - бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды",-деп түсіндірді Ақтөбе облысы ЖП баспасөз қызметінің басшысы Ерболат Сарқұлов.