Жарылыс бүгін 22-ақпанда таңғы сағат төртте болған. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, жарылыстың алдын-ала себебі - техникалық қызмет көрсету орталығында жөндеуде тұрған көліктің газ құралынан ауаға газ таралған. Жарылыс салдарынан аумағы 600 шаршы метр болатын нысан қирады. Құтқарушылар қирандының астынан 1954 жылғы ер адамның денесін шығарған. Ол сол нысанның күзетшісі. Бұдан бөлек, жөндеуде тұрған 11 көлік бүлінді. Қазір оқиға орнында тергеушілер тобы жұмыс істеп жатыр.