Ақтөбеде майнинг фермасы табылды

28 ақпан, 18:13

Ақтөбелік прокурорлар «Ақтөбе» индустриялық аймағында майнингтік қызметті жүзеге асыратын екі компанияға жер телімдері заңсыз берілгенін анықтады. Прокурорлардың хабарлауынша, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, индустриялық аймақтардағы жер тек өнеркәсіп, агроөнеркәсіп кешені және көлік логистикасы саласындағы инвестициялық жобалар үшін беріледі. Ал, майнинг қызметі бұл тізімде жоқ.

Қазір прокуратура «Ақтөбе» ӘКК» АҚ-ынан заңсыз берілген жер телімдерін мемлекеттік қорға қайтаруды талап етіп жатыр. Бұдан басқа, Экономикалық тергеу департаменті корпорация қызметкерлеріне қатысты лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.