Ақтөбеде оқушылар төбелесінен бір жасөспірім көз жұмды

28 қаңтар, 11:30

Оқиға Ақтөбе облысының Шалқар ауданында орын алған, деп хабарлайды Elitar.kz.

Оқушылар аудан орталығындағы мұз айдынында жаға жыртысқан. Жаппай бұзақылыққа қатысқандардың бірі көз жұмды. Белгісіз зат денесіне сұғылған жасөспірімді дәрігерлер аман алып қала алмаған. Себебі оқушы көп қан жоғалтқан және ауруханаға жеткенде жағдайы аса ауыр болған. Айта кетерлігі, төбелеске қатысы барлар жарақат алған оқушыны ауруханаға өздері жеткізіпті, яғни, жедел жәрдем қызметін шақырмаған.

Әзірге облыстық полиция департаменті бұл жайтқа қатысты ресми пікір білдірмеді.