Прокуратураның хабарлауынша, қаланы сумен қамтамасыз етіп отырған жалғыз компания - «Aqtobe su-energy group» АҚ-ы су және жылу тарату, кәріз суын ағызу бойынша міндеттемелерін орындамаған. Яғни, 892 млн.теңгенің қызметін көрсетпеген. «Былтыр су және кәріз құбырларын жаңарту бойынша бірқатар жоба уақтылы жүзеге аспай қалды. Сол себептен туындаған мәселе бұл», - деп түсінік берді монополист компанияның өкілі.