Ақтөбе облысында бірнеше сот ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарланды. Бұл хабарламаны әлдекім соттардың электронды поштасына жіберген. Атап айтқанда, алдымен Қарғалы аудандық соты ғимаратына «бомба» қойылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Кейінірек мұндай хабарлама Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына, Ақтөбе қаласының сотына, Ақтөбе қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотына және қаланың мамандандырылған әкімшілік сотына да жіберілген.