Ақтөбеде жоғалып кеткен қыз жалдамалы пәтерлердің бірінен табылды

03 мамыр, 13:30

Ақтөбеде жоғалып кеткен қыз жалдамалы пәтердің бірінен табылып, ата-анасына табысталды, деп хабарлайды Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, Elitar.kz.

"2 мамырдан 3 мамырға қараған түні сағат 01:30-да іздеуде жүрген Аружан Қанатова табылды. Ол ата-анасымен ұрысып, Ойыл ауданынан Ақтөбе қаласына кетіп қалған. Содан ешкімге хабарласпаған. Іздеу жұмыстарына полициямен бірге еріктілер де қатысты. Ол Ақтөбе қаласы Тургенев көшесіндегі жалдамалы пәтерлердің бірінен табылды. Түнде полиция қызметкерлері Ойыл полиция бөліміне жеткізіп, кейін ата-анасына берілді", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 1 мамыр күні жасөспірім қыз жоғалып, оған іздеу жарияланған болатын.