Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға бүгін сағат 16:00-де қаланың оңтүстік айналма жолында болған. “Лада ларгус” жеңіл көлігінің жүргізушісі алдындағы көлікті басып озбақ болып, қарсы бағытқа шыққан. Сол кезде "DAF" маркалы фурамен соқтығысып, аударылған. Қатты соққыдан жеңіл көлік өртенген. Ішінде 2007, 2009 және 2021 жылы туылған үш бала болған. Олардың әкесі, көлік жүргізушісі жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілді.