Авангард ықшам ауданындағы 23 «А» және «Б» үйі тұрғындарынан соңғы екі айдан бері маза қашқан. Төменгі қабатта орналасқан халыққа қызмет көрсету орталығына келушілер үйдің маңын дәретханаға айналдырды,- дейді тұрғындар. Олар таңнан кешке дейін жүретін мигранттардың айқай-шуынан балалаларды далаға шығармақ түгілі, терезе ашудан қорқып қалғанын айтты.
«Дәретхана жоқ, ана жерге, мына жерге дәрет сындырады. Түкіреді, қақырады. Ол жерге біздің баламыз барып ойнайды. Бөтен адамдар ғой бізге. Баламызды далаға шығара алмаймыз. Адам жұмыс істемей, балаларды бағып отырмайды ғой. Жер-жерге тамақ ішіп, қалдықтарын тастап жүре береді. Әбден шаршадық. Екі-үш айдан бері өзіміздің үйімізді өзіміз билей алмай отырмыз. Көшірсін басқа жерге,- деді Маржан Қапезова.
-«Миграциялық орталық үйлердің ортасында, мектеп, балабақшаның жанында болмауы керек. Орталықтың алдында емес, подъез жақ бетінде де жүздеген адам топтасып тұрады. Мүмкін олар жақсы адамдар шығар. Бірақ әр күн сайын педафил туралы түрлі ақпаратты естіп жатқандықтан үрей көп. Бізге балалардың қауіпсіздігі маңызды. Тіпті үй маңына көлігімізді қоя алмаймыз. Екі-үш шетелдіктің бір қожайыны бар. Жақында әкіммен жиналыс болған кезде, «6 күн үшінде басқа жерге көшіремін»,- деп уәде берген еді. Ол кісі қайда қазір? Уәде берді де кетті. Бірақ орындалған жоқ».
«Машиналарын ашып алып тырнақтарын алады, қырынады, жуынады, шайынады, жеген тамақтарының қалдықтарын әрбір жерге лақтырып тастайды. Балаларымызды шығара алмаймыз, ойнауға жіберейін десек, қорқамыз. Кім қайдан келіп жатқанын білейміз ғой. Толық антисанитария.Тіпті подъездің ішіне бірнеше рет дәрет сындырып кетті. – дейді ол.
«Ғимарат іші тар. Күту залы осы жерде. Бізге тұрғындар келіп, шағымданған еді. Біздер оны басшылыққа ескерттік. Жалпы көшіру жоспарда бар. Бірақ қашан екенін нақты айта алмаймын,» - деді Халыққа қызмет көрсету орталығының көші-қон бөлімі басшысы Ернияз Есетов.