Атырау: дүлей дауыл жолындағының бәрін жайпап жатыр

29 наурыз, 18:06

Қатты желден Атыраудағы көпқабатты алты үй мен екі балабақшаның шатыры ұшып кетті. Тағы бірінің қабырға қаптамасы құлады. Абырой болғанда, адам зардап шеккен жоқ. Қаланың бірнеше ықшам ауданында электр желілері үзіліп, жарықсыз қалды. 109 бірыңғай нөміріне көмек сұрап, қоңырау соғушылар күрт көбейген. Ауа-райын болжаушылар желдің жылдамдығы 23-28 метр секунд болатынын алдын ала екерткен. Олар тұрғындарға үйден шықпауға кеңес беруде.