Атырау мен Ресей Федерациясы арасына жолаушылар пойызы ашылды

19 сәуір, 10:50

20 сәуірден бастап "Атырау-Астрахань" пойызы жолаушыларды тасымалдай бастайды. Бұл туралы "Қазақстан Темір Жолы" баспасөз қызметі хабарлады.

ҚТЖ Қазақстанға кіру үшін вакцина салдырмаған жолаушылар теріс нәтижелі ПТР-анықтама көрсетуі керек екенін айтты. Анықтама мерзімі 72 сағаттан аспауы керек. Вакцинацияның толық курсынан немесе ревакцинациядан өткенін растайтын паспорт болған жағдайда, анықтама қажет емес.
Егер жолаушыда ПТР-анықтама немесе вакцина паспорты болмаса, онда ол вагонға кіргізілмейді.

Пойыз күнара: Атыраудан 20 сәуірден бастап жұп күндері, ал Астраханнан 21 сәуірден бастап тақ күндері аттанады.