Атырау: Облыстық маңызы бар жолды қар суы басты

28 ақпан, 18:11

Сағыз-Миялы автокөлік жолының ой жерде тұрған аумағы еріген судың астында қалды. Салдарынан жүргізушілерге қауіп туғызды. Тіпті бір көлік бағдарынан айырылып, жол маңына жиналып қалған суға түсіп кетті. Пайдалануға берілгеніне 10 жыл болған автотрасса бойында суағар бар. Бірақ қажетті аумаққа салынбаған. Сондықтан қар көп түсіп, күрт еріген жылдары қайталанып тұрады,- дейді мамандар. Қазір жол бойында су сору жұмыстары жүріп жатыр.