Атырау облысы: Кеңірдегін тесіп, өкпесін жарақаттаған

18 ақпан, 13:08

7 балалы «Алтын алқа» иегерін өлтірген 25 жастағы жігітке қатысты сот үкімі шықты. Тергеу барысында сотталушының келіншекке 8 бірдей ауыр жарақат салғаны белгілі болған. Жиналмалы пышақпен кеңірдегін тесіп кеткен. Суық қару кеудесінен өтіп, өкпені жарақаттаған. 35 жастағы марқұм мен сотталушы бұрын таныс болыпты. Басты сот талқылауында ол кінәсін толық мойындап, өкінетінін айтқан.


Зарина ХАМИДУЛЛИНА - АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ :

Сот тергеуінде сотталушы кінәсін толықтай мойындады. Аталған мән жайларды сот жазасын жеңілдететін мән жай ретінде таныды. Жазасын ауырлататын мән жәйлар танылған жоқ. Сот үкімімен мұндай жағдайда заң нормаларына сәйкес сотталушының жазасын 11 жылдан асыра алмайды. Сотталушының түзелуіне әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіруге он жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталушы ендігі жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде өтейді.

Үкімді тыңдауға жәбірленуші тарап келген жоқ. Тек онлайн қатысты. Өзіне тағайындалған жазаны сотталушы сабырлы қабылдады. Тек анасы мен апасы егіліп отырды. Жас жігіт жазасын қатаң режимдегі коллонияда өтейді. Айта кетейік, елдің зәресін алған қанды оқиға былтыр қараша айында кешкі мезгілде Жылыой ауданы Құлсары қаласында болды. Сотталушы қылмысты жасаған бойда, анасына барып айтып берген. «Таныс келіншекті алып берген несиені төлемегеніне бола өлтірдім»,-депті. Ауыр жарақаттан келіншек оқиға орнында қайтыс болған еді.