Атырау облысы: Құлсары қаласының бұрынғы әкімі есірткі тасығаны рас па?

20 мамыр, 16:18

Әлеуметтік желіде 41 жастағы экс-әкім Қаржау Шарғабаевтың видеосы тарап кетті.

Онда бұрынғы әкім "Атырау қаласында інішектерім зат алып кет деген соң келіп тұрмын. Мына затты алып кету үшін ",- деп ақ түсті затты көрсетеді. «Бұл сифадрон ба, миф пе? Мұның есірткі екенін білесің бе? - деп сұрайды түсіріп тұрған азамат. «Оны білмеймін. Дәрі деп айтты»,- деп ақталды экс шенді. Және осымен үшінші рет ал алып кетуге кеп тұрғанын мойындайды.

Кейін әлеуметтік желідегі өзінің парақшасына Шарғабаев қайтадан бейнежазба жариялап, онда өзін әлдекімдердің ұрып-соғып, таспаға түсіріп алғанын айтады.


Видеодағы ақ түсті зат синтетикалық есірткі болуы мүмкін,- дейді полицейлер.
«Әлеуметтік желіде «Құлсары қаласының бұрынғы әкімі есірткі заттарын алу барысында ұсталды»,- деген ақпарат таратылуда. Ол жерде ұстаған полицей емес. Әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты қазір тексеру жұмыстары жүргізілуде»,- деді Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.

Айта кетейік, Қаржау Шарғабаев 2019 жылы қаңтар-маусым аралығында Құлсары қаласын басқарған, оған дейін қала әкімінің орынбасары қызметін атқарыпты. Қазір мемлекеттік қызметте істемейді.