Атырау облысында анасы мен баласы сотта татуласты

12 сәуір, 14:27

Туған анасын сыйламаған Құрманғазы ауданы тұрғынының адамгершілікке сыймайтын әрекеті сотта анықталған. Ол күнделікті анасын былапыт сөзбен балағаттап, сыйламайтынын көрсеткен.

Сот отырысында ол анасынан кешірім сұрады. Ал анасы перзентінің әрекетін кешіретінін айтып, істі тоқтатуды өтінді. Судья әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі тараптардың бітімгершілікке келуіне байланысты өндірістен тоқтатты,- деп хабарлады Атырау облысы Құрманғазы аудандық сотының баспасөз қызметі.